Жаппай сатылым
Жарғанаттар – нулы орманда, елестер мекен ететін тастанды қамалда немесе ескі үйдің қараңғы жертөлесінде орын алатын оқиғалардың тұрақты мекендеушілері. Осы ерекше тіршілік иелеріне қандай қасиеттерді атамайды десеңізші, оларды тіпті қанішер қансорғыштардың туысына жатқызады! Қызықты кітапты оқыған кезде одан сайын зықыты болуы үшін сүйкімді, азу тісті жарғанат түріндегі бетбелгіні өз қолыңызбен жасауға кеңес береміз.
Құралдар мен материалдар:
1. Үлгілерге арналған альбом VISTA-ARTISTA, арт. SBC, қара қағаз
2. Скрапбукингке арналған қағаз Mr. Painter, арт. PST, 35 Алғашқы қар, ақ
3. GAMMA әмбебап қайшысы, арт. G-204
4. KANZY ақ қарындаш–желімі, арт. KNY 240301
5. Бүрмелеуге арналған таяқшалар, Mr. Painter, арт. BNP-02
6. Графиттен жасалған қарындаш VISTA-ARTISTA ACADEMIA, арт. VAPN-01
7. GAMMA шеті металл әмбебап сызғышы, арт. RM-001
1. VISTA-ARTISTA ACADEMIA қарындашының (арт. VAPN-01) және GAMMA (арт. RM-001) сызғышының көмегімен VISTA-ARTISTA (арт. SBC) альбомында қара қағаздан 10 см шаршыны сызып аламыз. Оны кесіп аламыз, диагоналі бойынша бүктейміз және Mr. Painter (арт. BNP-02) бүрмелеу үшін таяқшамен бүктелген жерімен жүргіземіз. Бір ұшын ортасына бүгеміз.
2. Сосын оң және сол жақ бұрыштарын ортасына бүктейміз.
3. Бұрыштарын бірге бүктейміз.
4. Шеттерін ішіне бүгеміз.
5. Көздерін, қанаттарын, қарашықтарын және тістерін үлгі бойынша ақ және қара қағаздан GAMMA (арт. G-204) қайшысының көмегімен кесіп аламыз. Қанаттарын дайындаманың кері жағына желімдейміз, оны KANZY (арт. KNY 240301) желім–қарындашының көмегімен жүзеге асырамыз.
6. Сондай-ақ барлық қалған бөлшектерін желімдейміз. Дайын!
Барлық сұрақтар бойынша кері байланыс нысаны арқылы хабарласыңыз, біз міндетті түрде жауап береміз!