Тұрақты сатып алушының картасы
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫЛАР!
"Леонардо" хобби-гипермаркетінде Сіз 8800 теңгеден басталған сомаға тауарларды бір жолғы сатып алу кезінде Тұрақты Сатып алушының жинақтау Картасын ТЕГІН ала аласыз.
Карта бөлшек сауда дүкенінен сатып алған кезде беріледі.
Тұрақты Сатып алушының Картасын сауалнаманың барлық жолдарын толтыра отырып, іске қосу қажет.
Тұрақты сатып алушының жоғалған және магнитсіздендірілген карталары Сауалнамадағы барлық тармақтарды толтырған жағдайда ауыстыруға жатады.
Назар аударыңыз! 8800 қазақстандық теңгемен сатып алудың бастапқы сомасы картаны беруге негіз болып табылады, бірақ карта бойынша жинақталған сомаға кірмейді.
Біздің желінің жинақтау бағдарламасының шарттарымен танысыңыз:
Жинақ сомасы | Жеңілдік% |
от 8800 тенге | | 4,00% |
от 22000 тенге | | 4,50% |
от 43900 тенге | | 5,00% |
от 70300 тенге | | 5,50% |
от 105400 тенге | | 6,00% |
от 158100 тенге | | 6,50% |
от 219600 тенге | | 7,00% |
от 304500 тенге | | 8,00% |
от 439200 тенге | | 9,00% |
от 614800 тенге | | 10,00% |
"Леонардо" тұрақты сатып алушысының әрбір картасының бірегей нөмірі болады және ол кассир-консультантқа чекті ашқанға дейін ұсынылады. "Айдың тауарына" сатып алушының картасы бойынша жеңілдік қолданылмайды.
- Тұрақты сатып алушының картасы "Леонардо" дүкенінен қолма-қол ақша үшін де, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін де, яғни банктік карта бойынша да тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде жарамды;
- "Леонардо" дүкенінен Картаға жинақтауды сатып алған кезде және Карта бойынша жеңілдік берілген кезде сауалнамада көрсетілген түпнұсқалық Картаны ұсынған кезде қолданылады;
- Тұрақты сатып алушының картасын бергеннен кейін карта бойынша жеңілдік келесі сатып алудан бастап әрекет етеді;
- Карта басқа тұлғаларға берілмейді. Осы бұзушылық фактісі анықталған жағдайда картаның бұғатталуы мүмкін;
- Картадағы жинақ сомасын жаңарту және жеңілдік пайызын қайта есептеу түнде өтеді, және жаңа жинақ пайызы келесі күні қолжетімді болады;
- Тұрақты сатып алушының картасы тек жеке тұлғаларға беріледі, заңды тұлғаларға карта берілмейді;
- Тұрақты сатып алушының картасы бойынша жеңілдік "Сыйлық сертификаттарын" сатып алуға қолданылмайды;
- "Сыйлық сертификаттары" бойынша жасалатын саудаға дисконттық бағдарлама қолданылады: жинақтарды есепке алу және жеңілдік беру;
- Шеберлік сабақтарына билет сатып алған кезде Тұрақты сатып алушының картасы бойынша жеңілдік қолданылмайды, бұл ретте сатып алу сомасы жинақтауға есепке алынады;
- Тұрақты сатып алушының картасын алу "Леонардо" хобби-гипермаркетіндегі науқандар мен жеңілдіктер туралы хабарламаны алуға сатып алушының келісімін білдіреді .
Сақтық шаралары:
- Дисконттық картаны күшті магниттік өрістердің жанында орналастыруға болмайды;
- Картаның бетін қатты сызуға болмайды, мүмкіндігінше оны әмиянда сақтау қажет;
- Картамен жұмыс істеу кезінде майысуына және өзге де әсерлерге ұшырауына жол бермеу керек.
Дисконттық карта "АртГрад" ЖШС компаниясының меншігі болып табылады және компания дисконттық картаны пайдаланушымен келіспей кез келген уақытта осы картаны пайдалану ережелері мен әрекет ету мерзімін өзгертуге құқылы.
Біздің тұрақты сатып алушылар клубына кіріңіз!
Біз Сіздерді әрдайым көруге қуаныштымыз!