Сыйлық сертификаты
Леонардо «сыйлық сертификаты» - жақын адамыңызды немесе кез-келген жастағы әріптесіңізді қуантудың тамаша тәсілі, себебі біздің хобби-гипермаркетіміздің сұрыптамасы шығармашылық, қолөнер және қызықты демалысқа арналған 120 мыңнан астам тауар түрін қамтиды. Әсіресе жұмыс істеу үшін қандай құралдар мен материалдар қажет екенін дәл білмесең, шығармашылықпен айналысатын тұлғаны қанағаттандыру қиын болады. Сыйлық сертификаты бұл сыйлықпен көңілін табудың тамаша тәсілі, себебі, сіз адамға таңдау беріп және оған шын мәнінде қажет нәрсені сатып алуға мүмкіндік бересіз. Сертификат иесіне келесі күні сатып алу үшін бару міндетті емес, өзіне хобби-гипермаркетіне кез келген ыңғайлы уақытта баруды кейінге қалдыруға болады!
Енді бізбен бірге сіз қызықты, дарынды және бірегей адам үшін сыйлық мәселесін оңай шеше аласыз!
Сіз белгіленген номиналдың «Сыйлық сертификатын» сатып ала аласыз:
-3000 теңге,
-6000 теңге,
-12000 теңге,
-18000 теңге.
- Сертификат бойынша сатып алу сертификаттың өзінде көрсетілген мерзім ішінде, бірақ ол сатылғаннан кейін 3 (үш) күннен ерте болмайтын мерзімде жүзеге асырылады.
- Сыйлық сертификатын басқа сыйлық сертификаты үшін сатып алу мүмкін емес.
- Бұл Сертификат оны сатып алғаннан кейін қайтаруға жатпайды
- Сертификатты пайдалану кезінде:
- онымен жұмыс істеу кезінде майысуға, соғылуға және өзге де әсерлерге (оның ішінде шалбардың артқы қалтасында сақтағанда) жол бермеу;
- 60 С жоғары қызуға және -35 С салқындатуға жол бермеу қажет.
- сертификатты бұған арналмаған құрылғыларда, мысалы, телефон аппараттарында немесе метрода қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады (бұл магнитті жолақтың зақымдалуына әкеледі) мұндай жағдайларда сертификат қалпына келтірілмейді және ақшалай сомасы өтелмейді.
Сертификат бұзылған барлық жағдайларда дүкеннің Әкімшілігіне хабарласу қажет.
Сатып алушының кінәсінен жоғалған, ұрланған немесе бүлінген кезде «Сыйлық сертификаты» қалпына келтірілмейді.
- Бұл Сертификат оған баламалы ақшалай сомамен ауыстырылмайды және «Леонардо» гипермаркет-хобби желісінде жасалған сатып алу үшін Сатып алушыны оның номиналынан аспайтын сомаға есептеу кезінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
- Егер таңдалған тауардың құны Сертификат номиналынан асып кеткен жағдайда, қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен қосымша ақы төлеуге болады.
- Тауарды «Сыйлық сертификатының» номиналдық сомасынан аз сомаға сатып алған кезде, соңғысы өтелген болып есептеледі.
- «Сыйлық сертификатын» пайдалана отырып сатып алынған тауарға «Леонардо» хобби-гипермаркеттер желісінің «Тұрақты сатып алушының» жинақтаушы карталары бойынша берілетін жеңілдіктер жүйесі қолданылады
- «Сыйлық сертификатын» сатып алуға «Тұрақты Сатып алушының» жинақтаушы картасы бойынша жеңілдік қолданылмайды.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта Ресейде алынған сыйлық сертификаттары Қазақстандағы «Леонардо» хобби-гипермаркетінде жарамсыз, алайда бұл функция әзірленуде. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Сертификат тек дүкендерде ғана төленуге қабылданады. Ғаламтор дүкенінде төлем сертификаты қабылданбайды.
«Леонардо» хобби-гипермаркеттер желісі «Сыйлық сертификатын» сату және пайдалану ережесіне өзгерістер енгізуге құқылы, бұл ретте компания енгізілген өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.