Электр генераторлары – механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін электр машиналары. Электр генераторларының жұмысы электромагниттік индукция принципіне негізделген: магнит өрісінде қозғалатын сымда электр қозғаушы күш – ЭҚК индукцияланады.