05.09.2025
Ілгекпен тоқу күні – бір рет болсын ілгекпен тоқып көрген кез келген адам үшін мереке. Мысалы, сіз ілгекпен тоқып көрдіңіз бе? Ілгектің көмегімен сіз пішінін жақсы сақтайтын өте әдемі шілтерлі заттар мен бұйымдар: ойыншықтар, сөмкелер, әшекей заттарын, тіпті шәркелер тоқи аласыз.
Тоқудың өзі күйзелісті басатын және бақыт гормондарының түзілуіне ықпал ететін ырғақты қимылдар арқасында көңіліңізді жайландырады. Нейрондық байланыстар белсендіріліп, мидың жұмысы жақсарады. Бұдан өзге, иірімжіппен жанасу түйсіктері, нақышқа зейін қою процесі және әдемі заттарды жасау көру және сезу рецепторларын ынталандырады, босаңсуды қамтамасыз етіп, өзін-өзі бағалауға оң әсер етеді.

Тоқуды қастерлеушілер арасында танымал тұлғалар аз емес, тіпті кейбір Голливуд жұлдыздары түсірілім арасындағы үзілістерде осы тыныштандыратын іспен шұғылдануды артық көреді. Мәселен, Джулия Робертс, Мерил Стрип және Ума Турман өз бұйымдарын сүйсіне тоқып, содан кейін олардың әдемілігіне тамсана қарауды әдетке айналдырған.
Тоқыма бізбен тоқуға қарағанда ілгекпен тоқуды меңгеру әлдеқайда жылдам және оңай деп есептеледі. Сондықтан жаңадан бастаушыларға көбінесе содан бастауға кеңес беріледі. "Леонардо" дүкендерінде қолөнердің осы тамаша түрімен танысу немесе өз дағдыларыңызды жетілдіру үшін қажет нәрсенің бәрі бар, атап айтқанда:
• ілгектер (әр түрлі материалдардан жасалған, резеңкеленген және пластик тұтқасы бар, нукингке, тунистік тоқуға арналған);
• әртүрлі марка мен баға санаттарындағы иірімжіп;
• пайдалы құралдар (органайзерлер, оймақтар, таңбалау сақиналары және т.б.);
• перфорациямен панно (тоқылған бұйымдарға – қобдишаларға, сөмкелерге, себеттерге және т.б. арналған түпше ретінде);
• тоқуға арналған кітаптар мен тегін каталогтар.
Иірімжіптен тоқылатын болашақ бұйым идеясын нақтылауға "Шығармашылық сабақтары" бөлімі көмектеседі, онда жаңадан бастаушылар мен тәжірибелі тоқушыларға арналған мынадай көптеген нұсқалар ұсынылған:
![]() |
![]() |
|
|
![]() |
![]() |
|
|
Келе жатқан Ілгекпен тоқу күнімен құттықтаймыз! "Леонардо" хобби гипермаркеттеріне келіп, өзіңізге және жақындарыңызға осы қызықты қолөнерге арналған сыйлықтар таңдаңыз.



